Атырау, 27 сәуір 05:28
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Мақатта өрт сөндірушілер наразылық білдірді

1 369 просмотра

21 қаңтар күні Мақат ауданындағы «БатысСервисПлюс» ЖШС-нің (магистралды газ құбырларын басқару «ИнтергазОрталықАзия» компаниясының Мақат ауданындағы мердігері) 17 өрт сөндірушісі жұмысты тоқтатып, жалақысын өсіруді талап етті.

Наразылық  танытушылар Мақаттан екі шақырым жерде орналасқан өрт сөндірушілер депосының ғимараты алдына жиналған.

- Біз жұмысты тоқтатамыз. Өйткені 10 жылдан бері еңбекақымыз өскен жоқ, айына алатынымыз 60-65 мың теңге шамасындай. Мұндай аз ғана жалақымен күн көру мүмкін емес, отбасымызды асырау қиын. Қымбатшылық жайлаған кезде ондай ақшаға не аламыз? Мекеме басшылығы жалақы өсіруді ойлап отырған жоқ, сондықтан осылай шығуымызға тура келді, - дейді өрт сөндірушілер. Оның үстіне еңбек демалысы, мерекелік немесе түнгі төлемдерді бұған дейін алып көрген жоқпыз. 

- Біз ол жерге «ИнтергазОрталық Азия» мекемесінің бас директоры Мақсот АБУОВПЕН бірге барып, өрт сөндірушілермен кездесіп,  талаптарын тыңдадық. Айлық еңбекақы 30 пайызға өсірілетін болып шешілді. Сондай-ақ мекеме жұмысшылары арнаулы өрт сөндірушілердің киімімен, жаңа техникамен қамтамасыз етілетін болды. Наразылық танытушылар бұл шешімге риза екенін білдіріп, ЖШС мен қызметкерлер арасында мерекелік, түнгі ауысым кезінде және еңбек демалысына ақы төленетіні көрсетілген жаңа келісім шарт жасалды, - дейді Мақат ауданы әкімі Шәкір КЕЙКИН.

Жалпы «БатысСервисПлюс» ЖШС-не қарасты Мақаттан бөлек Атырау, Құлсары қалаларында, Индер, Құрманғазы, Исатай аудандарында өрт сөндіру бөлімшелері бар. Олардың әрқайсысында 17 адамнан еңбек етеді.     

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Сурет әлеуметтік желіден алынды

24 қаңтар 2022, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.