Атырау, 25 сәуір 14:53
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстаннан 64 мыңнан аса адам кетіп қалды - ҰҚК

1 773 просмотра

Қазақстаннан тәртіпсіздіктер кезінде 64 мыңнан аса адам кетіп қалды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы 4-12 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеген, 64 048 Қазақстан азаматы елден кеткен.

"Тәртіпсіздіктерге байланысты 2022 жылы 6-12 қаңтар аралығында Алматы қаласының әуежайынан халықаралық рейстер орындалмады. Құрлықтағы өткізу пункттері арқылы өткізу Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекіткен карантин шектеулері кезеңінде шекарадан өту тәртібінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады", - деп толықтырды ведомство өкілі.

21 қаңтар 2022, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.