Атырау, 10 сәуір 13:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

​Мексикада мигранттар АҚШ-қа өтуге рұқсат беруді талап етті

1 672 рет қаралды

Мексиканың Тапачула қаласында жүздеген мигрант ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Наразылар АҚШ аумағына өту үшін биліктен рұқсат беруді талап етті. Мигранттардың айтуынша, Мексикада олар зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Қазір 350 мың тұрғыны бар бұл қалада өзге елден келген босқындардың қарасы қалың. Көбі екі қолға бір күрек таба алмай әлек.

Астрид Родригес мигрант: – Бұл елде қалғымыз келмейді. Біздің көздегеніміз АҚШ-қа жету еді. Бұны жасырмай ашық айта аламыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай қадамға барып отырмыз. Сондықтан бұл жерден қайтсек те, кетеміз.

21 қаңтар 2022, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.