Атырау, 28 наурыз 18:12
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Журналистті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік 5 млн теңге төлеген

1 732 просмотра

Түркістан облысының полициясы журналиске жасалған қастандық туралы істің мән-жайын жариялады, деп хабарлайды sputnik.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 2022 жылдың 3 қаңтарында Түркістан облысы Сарыағаш ауданында танымал журналистің үйіне шабуыл жасалғаны, оқиға кезінде оның ұлы жараланғаны хабарланды.

Сол күні полиция бұл фактіні тіркеп, қылмыстық кодекстің 24-99 баптары "адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Қылмысты ашуда бірқатар нұсқаны негізге алдық. Журналистің кәсіби қызметіне байланысты осы қылмыстың жасалуы мүмкін екені де ескерілді. Кейіннен осы нұсқа расталды", - деді Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков.

Іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының екі тұрғыны ұсталды.

"Олар оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Содан кейін полиция қызметкерлері делдалдар мен қылмысты тапсырыс берушілерге шықты. Бүгінгі таңда біз осы қылмысқа қатысы бар 5 күдіктіні ұстадық. Заттай айғақ ретінде олардан ВАЗ маркалы 2 автокөлік тәркіленді. Қылмысты орындаушылар бұл автокөліктерді қылмысты жасағаны үшін алған ақшаға сатып алған. Сондай-ақ олардан 16 калибрлі патрондар тәркіленді", - деді департамент бастығы.

Оның сөзінше, Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірі қылмысқа тапсырыс берген. Оның аты-жөні аталмады.

"Ол журналистің өмірін 5 000 000 теңгеге бағалаған. Қылмысты орындаушылар ізін жасыру мақсатында тапсырысты орындап, Сарыағаш ауданынан Шардараға, содан соң Арыс арқылы Шымкентке жеткен", - деп нақтылады Дәлбеков.

Қазір тергеу тобы тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстың себебі мен барлық мән-жайы анықталады.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

21 қаңтар 2022, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.