Атырау, 19 сәуір 11:15
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Тоқаев "Самұрық-Қазына" туралы: Ешқандай нәтиже болмаса, қатаң шешімдер қабылданады

1 305 просмотра

Мемлекет басшысы 21 қаңтарда бизнес қауымдастықтардың жетекшілерімен өткен кездесуде "Самұрық-Қазына" қорының сатып алу процесін шұғыл қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы бизнес өкілдеріне қарата айтылған сөзінде бәсеке жолынан тыс сатып алу үлесі әлі де көп екенін айтты. Ол импорт өнімдерін шетелге Қазақстандыкі деп апаратын бір күндік компаниялардың қатаң сүзгіден өтпейтінін сынға алып, бұл мәселені шұғыл шешу қажеттігін атап өтті.

Осы орайда мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорының сатып алу процесіне ерекше назар аудартты.

"Самұрық-Қазына" қорының сатып алу процесімен шұғыл түрде айналысу керек. Соңғы рет бір ай уақыт беремін. Ешқандай нәтиже болмаса, қатаң шешімдер қабылданады.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент «Самұрық-Қазына» қорын реформалауды тапсырғанын айта келе, қор жұмысын сынға алды.

«Самұрық-Қазына» қорын толығымен реформалауды тапсырамын. Қазір қордың құрылымы қолайсыз: бұлыңғыр, саяси маңызы бар адамдарды тағайындау. Тиімсіз сатып алу жүйесі, еңбек қақтығыстары, рентабельділік, ауқымды жобалардың толық еместігі, тым көп жөндеу шығындары – бұл мәселелер тізбесі халықтың наразылығын тудыруда, сонымен қатар осы уақытқа дейін нақты мұнай химиясын құра алмағанымыз рас.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл ретте мемлекет басшысы «Платон менің досым, бірақ шындық одан қымбат» деген қағиданы ұстанатынын мәлімдеді.

Мен үшін біреумен жақсы қарым-қатынаста болудан көрі мемлекет мүддесі жоғарырақ. Қазірдің өзінде өте қиын шешімдер қабылдадым және болашақта да осындай шешімдер қабылдаймын.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
21 қаңтар 2022, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.