Атырау, 25 сәуір 07:13
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Қажетсіз бастама" - Тоқаев біркүндік жалақыны қорға аударуға қатысты пікірін білдірді

1 282 просмотра

Тоқаев бизнес өкілдерімен өтіп жатқан кездесуде бюджет қызметкерлерінің біркүндік жалақысын "Қазақстан халқына" қорына аударуды қолдамайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Менің үндеуіме бейжай қарамай, "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударған азаматтарға алғыс айтқым келеді. Бұл сіздердің тараптан уақытылы жасалған бағалы қадам, бірақ бұл жерде формализм мүлдем болмауы тиіс. Мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлердің біркүндік жалақысы жинала бастады. Бұл – мүлде қажетсіз бастама. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент "Қазақстан халқына" қоры бюджеттік қор емес екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл қор Қазақстан халқының қоры болғандықтан, оның жұмысын ұзақ бюрократиялық процедураларсыз құру керетігін айтты.

Бұл жұмыс абсолютті ашық болады. Барлық ірі компаниялар салық салынатын табыстың үкімет белгілеген пайызын пайдалы қайырымдылық қызметпен айналысатын қорға аударады. Бизнес қауымдастық бұл бастаманы қолдап, тиісті жобаны жүзеге асыруда қорға көмек көрсетеді деп сенемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
21 қаңтар 2022, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.