Атырау, 8 қазан 05:29
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Мектеп форматындағы оқыс өзгерістер

1 422 просмотра

6-11 сынып оқушылары үшін онлайн білім алу кем дегенде 24 қаңтарға дейін жалғасады, әрі қарай аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. 

Қазір көп ата-ана төменгі сынып оқушылары мектепке барып оқыса, орта және жоғары сынып оқушылары онлайн оқитынына наразы. 

- Біртүрлі ғой. Ауру бастауыш сыныбындағы балаларды айналып өтіп, жоғары сынып оқушылары үшін қауіпті болатындай. Екі ұлым бар - бірі 7-сыныпта, ал кішісі екінші сыныпта оқиды, олар мектепке бірге баратын. Енді баланы мектепке өзім апаруға тура келеді. Балаларды онлайн оқыту үшін үйде қалдырып немесе дәстүрлі форматта оқуға рұқсат беруге бізге таңдау беріп отырған жоқ. Ал басқа мектепте екінші сыныпта оқитын жиенім онлайн оқиды. Бізге оқыту форматын санитарлық дәрігерлер белгілей ме, әлде әр мектеп әкімшілігі өзі шеше ме? – деп сұрайды қала тұрғыны Асылай ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВАНЫҢ айтуынша, мектептер COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысына сәйкес жұмыс жасап жатыр. Бұл қаулыға сәйкес 600 балаға дейін оқитын мектептер әдеттегідей жұмысын жалғастыруда, яғни барлық сыныптар мектепте оқиды. Мұндай мектеп Атырауда 11, негізінен қала маңында. Ал қалғандарында ормат «бөлек».

- Бірақ мұның бәрі уақытша. Эпидемиологиялық жағдай түзелсе, дәстүрлі форматқа көшеміз, – дейді А.Дүйсекенова.

Осы әңгімемізден кейін дереу 24 қаңтардан бастап бүкіл Қазақстан бойынша білім беру ұйымдары дәстүрлі офлайн-форматта жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат пайда болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 қаңтар 2022, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.