Атырау, 8 қазан 05:33
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырауда жедел жәрдем шақыру көбейді

1 520 просмотра

Соңғы аптада жедел жәрдем шақырулар саны күніне орта есеппен 750-800-ден 1000-1100-ге дейін айтарлықтай өсті. Әсіресе демалыс күндері қоңыраулар көп.

Облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз БАЙМОЛДАЕВАНЫҢ айтуынша, бұған демалыс күндері ата-аналардың бос уақытын балаларымен сыртта өткізуге тырысатыны себеп болуы мүмкін. Ал қазіргі ауа-райында суық тиюі мүмкін. Тұмауға қатысты қоңыраулар көп болған. Сондай-ақ соңғы уақытта коронавирус инфекциясы бар деген күдікпен қоңыраулар көп болыпты.

Н.Баймолдаеваның айтуынша, бригадалардың науқастарға қызмет көрсетіп үлгеруде. Қазір Атырауда 24 жедел жәрдем бригадасы болса, облыста барлығы 42.

Айнұр САПАРОВА

21 қаңтар 2022, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.