Атырау, 8 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Мектептің күрделі жөндеу жұмысы уақытында аяқталмады

1 849 просмотра

Исатай ауданы Зинеден ауылындағы Гагарин атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары әлі бітпей тұр, келісім шарт бойынша мердігер 9 желтоқсанға дейін аяқтауы тиіс еді. «АЖ»-ға  жүгінген оқушылардың ата-анасы балаларының спортзалды пайдалана алмай отырғанын айтты.

Гагарин атындағы мектеп 2005 жылы пайдалануға берілді. 2020 жылы күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленіп, сараптама оң қорытынды шығарды. Бюджеттің 198 миллион теңгесін құрайтын тендерді «СКС Инжиниринг» ЖШС жеңіп алды. Бірақ мердігер барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтап үлгермеді.

- Біз ата-аналармен кездесеміз, қалыпты оқуға ешқандай кедергі жоқ екенін түсіндіруге тырысамыз. Рас, спорт залы дайын емес, оған қоса аумақты абаттандыру жұмыстары әлі аяқталған жоқ, бірақ бұл жұмысты мердігер әлі де атқаруы тиіс, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна ҚҰРМАНҒАЛИЕВА. Ал, тапсырыс беруші жөндеу жұмыстарының кешіктірілуіне байланысты мердігердің үстінен экономикалық сотқа шағым түсірді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

20 қаңтар 2022, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.