Атырау, 26 сәуір 19:28
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Еркін Ботақанов Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

1 405 просмотра

Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды.Ақорда

Еркін Ботақанов 1966 жылы дүниеге келген. Үш жоғары әскери білімі бар. ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған. Сонымен қатар 2009 жылдың мамырында Еркін Ботақановқа генерал-майор шені берілді.

Еске салайық, Еркін Ботақанов бұған дейін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы қызметін атқарған.

Ол 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Үш жоғары әскери білімі бар.

1987 жылы Конев И.С. атындағы Алматы жоғары құрама әскерлер училищесін бітірген.

2003 жылы ҚР Қарулы күштерінің әскери академиясын тәмамдаған.

2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы шілдеге дейін Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясында білім алған.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған. Сонымен қатар 2009 жылдың мамырында Еркін Ботақановқа генерал-майор шені берілді.

Бұған дейін бұл қызметті Руслан Жақсылықов атқарған еді.

19 қаңтар 2022, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.