Атырау, 20 сәуір 19:10
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда нашақор супермаркеттің тас-талқанын шығарды

Бейнежазба
2 872 просмотра

Әлеуметтік желіде «Сауран» сауда орталығындағы тас-талқаны шыққан супермаркеттің видеосы пайда болды. Полиция департаменті оқиғаның 16 қаңтарда түн ортасы шамасында болғанын хабарлады. Атыраудың 31 жастағы тұрғыны жабық супермаркеттің алдыңғы есігінің әйнегін сындырып, ішке кірген. Есіре айқайлап, сөредегі азық-түліктерді лақтыра бастаған.

Талқандаушы ұсталды. Оның наркологиялық есепте тұрғаны анықталды. ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған видео

19 қаңтар 2022, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.