Атырау, 20 сәуір 16:00
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Облыс әкімдігіне келген шығын 6 миллион теңгеге бағаланды

1 768 просмотра

Одан бөлек қаңтардағы жаппай наразылық салдарынан орталық Исатай мен Махамбет алаңына 3 миллион теңгеге жуық шығын келген. 

Атырау облыстық қаржы басқармасының басшысы Азамат СӘЛІМБАЕВТЫҢ айтуынша, Атырау облысы әкімдігінің кіреберіс есігіндегі қираған 11 терезені жөндеуге 2,5 млн теңге бюджет қаржысы жұмсалған.

Сонымен қатар басқармалардан ноутбук, кабель, кіребірстегі ту ұрланып, кейбір ішкі есіктерге зақым келді - олардың орны қоймадағы артық заттармен жабылды. Ал, орталық алаңдағы бұзылған төсемтастар жөндеп аяқталып жатыр деді басқарма басшысы.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

19 қаңтар 2022, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.