Атырау, 20 сәуір 20:27
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Оқ жарақатын алған екі қала тұрғынының жағдайы туралы

1 678 просмотра
Видеодан алынған кадр

Бұған дейін «АЖ» 5-11 қаңтар аралығында облыстық ауруханаға 62 адамның (тұрғындар да, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де) жүгінгенін, оның ішінде оқтан жарақат алған екі азамат бар екенін хабарлаған болатын.

Бүгінде облыстық аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір адамнан басқа жарақат алғандардың барлығы ауруханадан шыққан, бірақ «оқтан жарақат» алғандардың жағдайы басқаша. 

Оң жамбасынан оқ жарақатын алған 52 жастағы Ардақ ИСАҒАЛИЕВ қазір хирургия бөлімінде жатыр. 

– Бастапқыда ол реанимацияда комада жатты, оған қан құйылды. Есін жиған соң жалпы палатаға ауыстырылды. Бүгінде жағдайы орташа, өз бетімен енді жүре бастады, - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі. 

34 жастағы Үрістембек ҚҰБАШЕВ құрсақ қуысынан оқ жарақатын алған, бір бүйрегін алып тастауға тура келген. Операциядан кейін одан коронавирус анықталып, модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Модульді аурухананың баспасөз қызметі бізге Құбашевтың 8 қаңтарда түскенін және осында тағы бірнеше күн жататынын айтты. 

Айнұр САПАРОВА

18 қаңтар 2022, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған