Атырау, 24 сәуір 09:19
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Алып кетіп, соққыға жығып, тонап кетті»: 18 жастағы мүгедектің Атырау полиция басқармасына «сапары» туралы

2 103 просмотра

18 жастағы Атырау тұрғыны, бала кезінен ІІ топ мүгедегі Артур ҚОЖАНИЯЗОВ полиция департаментіне 7 қаңтарда оны ҚПБ полицейлері ұрып-соғып, тонап кеткенін айтып арызданған. 

А.Қожаниязов «АЖ» тілшісіне сол күні зейнетақысын алып, досымен бірге сауда орталығына азық-түлік алуға барғанын айтты. Көшеде оларды полиция тоқтатып, ҚПБ-не жеткізген. Оның айтуынша, сол жерде Артурдың телефоны мен ақша салынған әмиянын тартып алып, ұрып-соға бастаған. Әсіресе, бір сержант ерекше құлшыныс танытқан. 

- Ауру жаныма батып, бүкіл этажды басыма көтеріп айқайладым. Досым жедел жәрдем шақырып, облыстық ауруханада кеуде қуысының соғылуы деген дагноз қойды. Қазір үйде емделіп жатырмын, бүкіл денем әлі ауырады, - дейді Артур. Неліктен «тәртіп сақшыларының» оны ұстағанын, ұрып-соққанын, тіпті, тонап кеткенін түсінбей дал. Өйткені зейнетақысы салынған әмиянын қайтармаған.

Полиция департаменті қызметтік тергеу басталғанын хабарлады. Айтпақшы, отбасында сол сержанттың суреті бар, сондықтан оны және басқаларды табу қиынға соқпайды. 

Фархат АБИЛОВ

18 қаңтар 2022, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.