Атырау, 24 сәуір 08:33
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Облыстық соттың баспасөз қызметі: 11 адам әкімшілік қамауға алынып, жаза мерзімі қысқартылды

1 864 просмотра

17 қаңтарда Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі қаңтардағы митингінің ұсталған қатысушыларына қатысты қаралған істер бойынша ақпарат таратты. Екінші сатыдағы сот жазаны жеңілдетіп, әкімшілік қамауға алу мерзімін қысқартқаны атап өтілді.

Бүгінде ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі (ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге не өзге де жария іс-шараға қатысу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) бойынша қамаққа алу түрінде 11 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың істері облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралды. 

- Іс материалдарына сәйкес, 2022 жылғы 4, 5 қаңтарда Атырау қаласында «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңының 2-бабының талаптарын бұза отырып, қаланың 11 тұрғыны жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз заңсыз іс-шара- митингке қатысқан, - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. - Апелляциялық сатыдағы сот әкімшілік қамаққа алу мерзімін қысқартып, істерді қарау кезінде өтелген мерзіммен шектелді. 1 құқық бұзушыға қатысты қамаққа алу мерзімі 13-тен 9 тәулікке дейін төмендетілді, 1 тұлғаға қатысты 5-тен 3-ке дейін, 3 тұлғаға қатысты 10-нан 8 тәулікке дейін, 4 тұлғаға қатысты 10-нан 7-ге дейін, 2 тұлғаға қатысты 10-нан 6 тәулікке дейін төмендетілді.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Айнұр САПАРОВА

18 қаңтар 2022, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған