Атырау, 10 маусым 21:36
 дождьВ Атырау +26.3
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Мас күйде көлік тізгіндеп, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

2 244 рет қаралды

Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері жыл басталғалы бері мас күйде көлік тізгіндеген 30-ға жуық жүргізушіні анықтады. 

Тек екі мысал келтіре кетелік. 4 қаңтарда Томарлы селосында Nissan Teana маркалы автокөлігі тоқтатылды - жүргізушісі ішімдік ішкен. Ал 11 қаңтарда полиция қызметкерлері Вокзал маңы мөлтек ауданынан Ваз 21144 автокөлігі тоқтатып, 32 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісін байқаған. 

Ұсталған барлық азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 қаңтар 2022, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.