Атырау, 3 мамыр 02:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Сағызда мал ауруы шықты

2 066 рет қаралды

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында ірі қара, қой-ешкі арасында жұқпалы ауру шықты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша малдың аузынан сілекейі ағып, температурасы көтеріліп, жемшөптен бас тартып, демде салмақтарын жоғалта бастаған.

Ветеринар мамандар сынама алып, облыстық зертханаға жіберген - сараптама қорытындысы бойынша инфекциялық ринотрахеит пен вирустық диарея анықталды. Күні бүгінде бұл ауру түрі 90 ірі қара, 101 қой-ешкі арасында таралған. Мал дәрігерлері емдік шараларды жүргізіп жатыр. Ал малды сыртқа шығарып сатпау жөнінде шектеу қойылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

19 қаңтар 2022, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.