Атырау, 22 ақпан 15:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

​ Форт-Шевченко әкімі 15 тәулікке қамауға алынады – видео

1 743 рет қаралды

Форт-Шевченко әкімі Шалқыбай Әзербаев Түпқараған ауданы сотының шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады, деп хабарлайды sputnik.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

"Сот Әзербаевтың Актау – Форт-Шевченко тас жолының үшінші шақырымында жеңіл дәрежеде мас күйінде автокөлік басқарғанын анықтады", - деп мәлімдеді Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі.

Бұл үшін 15 тәулікке қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

"Сот отырысында Әзербаев кінәсін мойындаған жоқ. Ішімдік ішпегенін, ауырғандықтан спиртпен мойнын сүрткенін айтты. Прокурор оны кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік айдау құқығынан айыру жазасын беруді сұрады", - деді соттың баспасөз қызметі.


Сот прокурордың өтінішін қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


17 қаңтар 2022, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.