Атырау, 28 маусым 19:58
 дождьВ Атырау +26.6
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Қырғызстанмен шекарада қару-жарақ қоймасы табылды

1 890 рет қаралды
Сурет: ҚР ҰҚК

ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы сақталған жерді тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ол жерден төрт тапанша, алты винтовкалы және тегіс ұңғылы қару тәркіленді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

«14 қаңтарда «Қордай» (автомобиль) бақылау-өткізу пунктінде жолаушылар көлігімен келе жатқан Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды. Жүк бөлігін тінту кезінде мыналар табылды: әріптік пломбалар – 50 дана, шетелдік паспорттар – 4 дана, банк карталары – 20 дана», - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне жеткізілді.

17 қаңтар 2022, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.