Атырау, 25 желтоқсан 22:05
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қысқы демалыстың ұзақ болуына байланысты оқу жылы ұзартыла ма – БҒМ жауабы

1 647 рет қаралды

ҚР Білім және ғылым министрлігі қысқы демалыстың ұзаққа созылуына байланысты оқу жылы ұзартыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова брифингте айтты.

17 қаңтардан бастап үшінші тоқсан басталды. Ал оқу жылының ұзартылуы жайында айту әлі ертерек. Бұл мәселеге қатысты шешім елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданады. Бұл жайлы ақпаратты кейінірек айтамыз. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша талдау жұмыстары жүргізіледі. Соған сай шешім қабылданады.БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова

Тек оқушы саны 600-ден аз мектеп пен 1-2 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқиды. Ал 3-5 сынып оқушылары кезекшілік топтарда сабағын жалғастырады.

17 қаңтар 2022, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.