Атырау, 29 наурыз 20:57
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорын басқарады

1 425 просмотра

Белгілі қаржыгер, экономист Болат Жәмішев ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды sputnik.kz.

"Қазақстан халқына" ҚӘҚ төрағасы лауазымына қордың қамқоршылық кеңесі Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынды және бірауыздан қолдады", - делінген қор хабарламасында.

Қор мынадай міндеттерді орындайды:

  • денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
  • төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде зардап шеккен Қазақстан халқына көмек көрсету;
  • халықтың жағдайы төмен тобына жататын мұқтаж балалар мен балалар үшін спорт инфрақұрылымының дамуын және қолжетімді болуын арттыруға жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының аумақ тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау.

Қор халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражаты, лотерея қызметі операторы және басқа да монополистердің міндетті аударымдары, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударым мен квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан қаржыландырылады.

64 жастағы Болат Жәмішев – 2020 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің төрағасы.

Бұған дейін "Қазақстанның даму банкі"АҚ басқарма төрағасы болған.

Әр жылы қаржы министрі, өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басшысы болды.

Айта кетері, 11 қаңтарда мемлекет басшысы "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды.

Президент қоғамдық әлеуметтік қор денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласында нақты проблемаларды шешумен айналысатынын айтты.

"Мысалы, сирек ауруға шалдыққан балаларға көмектеседі. Қалаларда, аудандарда, ауылдарда балаларға арналған спорттық алаңдар саламыз. Қабілетті балаларға жәрдемдесеміз. Мәдениетке қолдау көрсетеміз. Алматыға жантүршігерлік трагедиядан кейін оңалуға көмектесеміз. Осы қордың қаражатынан біз қаза болған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына қолғабыс етеміз. Және бұл тек бер жағы ғана", - деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, бұл президенттің, үкіметтің немесе қандай да бір мемлекеттік органның қоры емес, барша қазақстандықтың қоры болады.

"Бұл - халық қоры. Ол әкімшіліктің немесе үкіметтің жанынан құрылмайды. Беделді бақылау кеңесі құрылады. Адал, жауапты басшы тағайындалады. Оның қызметі толығымен ашық болады, қоғамға есеп береді. Жоспарлары, бюджеті мен жобалары сайтта жарияланады. Бүкіл ақпарат ашық болады", - деді қор жайлы президент.

Мемлекет басшысы үкіметке компаниялар тобын анықтауды және олармен қорға жыл сайын құятын жарна мөлшерін келісуді тапсырды.

"Қазақстан халқына" Қорының жоғары басқару органы – Қорға қатысушылардың жалпы жиналысы, бақылаушы орган – Қамқоршылық кеңес, атқарушы орган – Басқарма, бақылаушы орган-тексеру комиссиясы болып табылады.

Сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдері мен жанашыр азаматтар "Қазақстан халқына" қорының шотына қаражат аудара алады: "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, "Қазақстан халық банкі" АҚ.

15 қаңтар 2022, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған