Атырау, 21 желтоқсан 19:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жұмабай Қарағаев энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

1 368 рет қаралды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жұмабай Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

И.М.Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды басқарды, Атырау облысы әкімдігінің құрылымында қызмет етті. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап — Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі.

15 қаңтар 2022, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


Комментарий беру ажыратылған