Атырау, 25 сәуір 13:26
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау облысында бір тәулікте 521 адам Covid-19 жұқтырған

1 704 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 521 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 386 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 27 науқас анықталды. Ал, 30 - Жылыой ауданында, 20 -  Индер ауданында, 10 - Исатай ауданында, 11 -  Қызылқоға ауданында, 11 - Құрманғазы ауданында, 8 - Мақат ауданында, 18 науқас - Махамбет ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 272 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 249 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 12 адам емделді.

Қазір 1075 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 201, фтизиопульманологиялық орталықта - 12 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 32. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 279 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

15 қаңтар 2022, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған