Атырау, 24 желтоқсан 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атыраулық оқушылар онлайн білім алуға көшеді

1 810 рет қаралды

Атыраулық оқушылар онлайн білім алуға, студенттер аралас форматқа көшті. Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушының қаулысында айтылған.

Қаулыға сәйкес, ауыл мектептерінде, 600-ге дейін оқушысы бар мектептерде, сондай-ақ нөл, бірінші және екінші сынып оқушыларында әдеттегі форматта оқиды. 3, 4, 5-сынып оқушылары кезекші сыныптарға барады.

  • 600 оқушыға дейінгі облыс орталықтарының, аудан орталықтарының мектептері және ауылдық мектептер - оқытудың штаттық форматына
  • 600 оқушыдан астам мектептер – қашықтықтан оқыту форматына 
  • 0-1-2 сыныптар-оқытудың штаттық форматына
  • 3-4-5 сыныптарда кезекші сыныптар (сыныптың толықтырылуы-15 баладан артық емес));
  • колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту - аралас оқыту форматына: барлық дәрістер онлайн, тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде;

Вакцинацияланған оқушылар мен толық вакцинация курсын аяқтаған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қарауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі.

– эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында оқыту – жеке сабақтар штаттық режимде, топтық – 10 адамға дейін, мүмкіндігі шектеулі балалар/ересектер үшін түзету (коррекция) орталықтарында/бөлмелерінде –жеке және 8 адамға дейінгі топтық сабақтар штаттық режимде.

15 қаңтар 2022, 00:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.