Атырау, 27 сәуір 06:05
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

LRT ісі: Сұлтанбеков пен Ардан ​жауап алуға Нұр-Сұлтан​ға шақырылды

1 445 просмотра

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан жауап алуға шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство берген ақпар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты «Астананың жаңа көлік жүйесі» LRT, BRT/ITS жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Жиналған дәлелдемелер құқық қорғау органдарына күдікті Сұлтанбековтің әрекеттерін мынандай баптар бойынша анықтауға мүмкіндік берді:

  • 176 («Ұйымдасқан топ құрамында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлау») ,
  • 235 («Бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару») ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы редакциясында,

  • 189-бабы («Ұйымдасқан топ құрамында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлау») қолданыстағы ҚК.

«Талғат Арданның заңсыз әрекеттері 1997 жылғы ҚК-нің 176-бабы, 262-бабы («қызмет бабын пайдалана отырып ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу») және қолданыстағы ҚК-нің 189-бабы бойынша сараланды»,–делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдіктілер қорғаушыны өз бетінше шақыруға не қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі туралы өтініш жасауға құқылы.

"Егер қорғаушыны күдіктілер немесе олардың заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді" делінген ҚР Бас прокуратураның берген хабарламасында.

14 қаңтар 2022, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.