Атырау, 22 ақпан 17:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Алматыда қаза болған 4 жасар қыздың отбасына пәтер беріледі

1 588 рет қаралды

Әкім Бақытжан Сағынтаев Алматыда 7 қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған 4 жасар қыздың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған 4 жасар Айкөркем Мелдеханның отбасына барып, көңіл айтқан.

"Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетілді. Оларға 3 бөлмелі пәтер беріледі ", - делінген хабарламада.

Тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар Айкөркем қаза болған, ал оның 15 жастағы әпкесі Жанель жарақаттанып реанимацияға түскен. Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі, делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар қыз қаза тапқаны хабарланған болатын. Бұл туралы балалар омбудсмені Аружан Саин мәлімдеген еді.

14 қаңтар 2022, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


Комментарий беру ажыратылған