Атырау, 26 қаңтар 16:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 435.20
€ 491.17
₽ 5.54

Құлсары-Бейнеу трассасында болған апаттан бес адам қаза тапты

Сурет
1 026 просмотра

Бүгін, 14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында Құлсары-Бейнеу трассасының 15-шақырымында бес адамның өмірін қиған жан түршігерлік апат болды.

Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, Honda Odessey және ВАЗ 2115 автокөліктері соқтығысып, сол жерде 3 жолаушы мен ВАЗ-2115 көлігінің 26 жастағы жүргізушісі көз жұмған. Honda Odessey көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілген. Жолаушы ауруханада көз жұмған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Honda Odessey көлігінің 48 жастағы жүргізушісі хирургия бөлімшесіне түскен, кеудесіне зақымданып, сол жақтағы 4,5,6- қабырғалары, оң жақтан 4, 5-қабырғалары сынған. 
 

Полиция екі көліктің де біздің елде тіркелмегенін атап өтті: Honda Odessey Арменияда, ал ВАЗ-2115 – РФ-да тіркелген. Сондай-ақ, ВАЗ-2115 жүргізушісінің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы («Жүргізушінің екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі ережесін бұзуы») бойынша тергеу амалдары басталды.

Айнұр САПАРОВА

ПД жолдаған сурет

14 қаңтар, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған