Атырау, 24 желтоқсан 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Атырау облысында бір тәулікте 437 адам Covid-19 жұқтырған

1 546 рет қаралды

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп келеді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 437 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 304 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 25 науқас анықталды. Ал, Жылыой ауданында - 18, Индер ауданында - 23, Исатай ауданында  - 17, Қызылқоға ауданында - 13, Құрманғазы ауданында  - 14, Мақат ауданында  - 7, Махамбет ауданында  - 16 науқас анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 263 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 174 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 43 адам емделді.

Қазір 646 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 197, фтизиопульманологиялық орталықта - 5 адам, 
аудандық инфекциялық стационарларда - 31, ал Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 218 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

14 қаңтар 2022, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


Комментарий беру ажыратылған