Атырау, 24 желтоқсан 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматыда парфюмерия мен косметика ұрлап, Атырау вокзалында ұсталды

1 955 рет қаралды

Атырауда желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматыдағы дүкендерге шабуыл жасаған үш тонаушыны ұстады.

«Алматы-Атырау» пойызымен келген үш жолаушы алып келе жатқан көп мөлшердегі қымбат парфюм мен декоративтік косметика полицейлердің назарын аударған.

Тексеру барысында мұның Алматыдағы әйгілі Mon Amie косметикалық дүкендер желісінің бутигінен ұрланғаны белгілі болды.

- Ұсталған Ақтау тұрғындарынан 30 құты парфюм мен 55 дана декоративтік косметика табылды. Аталған факті бойынша «Тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді Атырау станциясы желілік бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мейірбек ӨТЕҒАЛИ.

Сондай-ақ, «әскерилер мен полиция қызметкерлеріне күш көрсетіп, олардың қорғаныс құралдарын тартып алған» тағы бірнеше адамның ұсталғаны хабарланды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы («Жаппай тәртіпсіздік») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 қаңтар 2022, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


Комментарий беру ажыратылған