Атырау, 20 сәуір 15:38
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Кутаисиде бізге Грузияда тұратын қазақ бауырларымыз көмектесті»

Сурет
1 698 просмотра

Атырау тұрғыны Жұлдыз ӘБЕНОВА 30 желтоқсанда достарымен бірге Жаңа жылды сол жақта қарсы алып, демалу үшін Батумиге ұшқан. Билет бойынша олар үйлеріне 6 қаңтарда Кутаиси әуежайынан кері ұшуы керек еді. Бірақ Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін рейс тоқтатылып, содан кейін дүрлігу басталған.

Оларды үйлеріне қайта алмағаны жабырқатты. Ең бастысы туыстары мен достары үшін қатты алаңдаған, өйткені интернетті ажыратып тастағандықтан олармен байланысу мүмкін болмады.

- Біз Батумиден Кутаисиге келдік. Сол жерден рейстің тоқтатылғанын, қашан кері жұмысын жалғастыратыны белгісіз екенін білдік, - дейді Жұлдыз. – Әуежайда ұзақ отырдық, бірақ рейс болмады. Жағдай қиын еді: қолма-қол ақшамыз жоқ, Kaspi жұмыс істемейді, тамаққа, қонақүйге төлейтін ақшамыз жоқ. Кутаиси әуежайында Грузияда демалып жатқан басқа қазақстандықтарды кездестірдік. «Қолма-қол ақшасы» жоқ 12 адамның екеуі Атыраудан, қалғандары Оралдан. Оралдықтар үйлеріне Атырау арқылы баруы керек екен. Ал ақшасы барлар қонақүйге орналасуға кетті. Жалпы, әуежайда қазақтар көп болды, Грузияға туризм соңғы жылдары кең танымал болған.

Енді қалай болады?... Әрі қарай не істерімізді білмей отырғанда, ана тілімізді естіп, Грузияға қоныс аударып, жұмыс істеуге келген қазақтар жақындап келді. Жағдайды түсінген олар көмектесеміз, далада қалдырмаймыз деп уәде берді. Сөйтіп сөздерінде тұрды. Қонақүй мен күніне үш мезгіл тамақ ұйымдастырды.

– Ал бұл адамдар кімдер және олар Грузияда немен айналысады?

- Олар Кутаисидегі Rompetrol компаниясының жанармай құю бекетінде жұмыс істейді. Олар компания бізді уақытша жатын орынмен, тамақпен қамтамасыз етуді мойындарына алғанын айтты. Қиын-қыстау кезеңде көмекке келген Грузиядағы қазақ бауырларымызға қаншалықты риза екенімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

– Ал Қазақстан елшілігі ше?

- Біз олардан көмек сұрадық, бірақ олар ештеңе айта алмады. Өйткені Қазақстанда ешқандай байланыс болмады, шамасы, ол жақта не болып жатқанын олар да дұрыс білмеген сияқты.

...Қонақ үйде бір апта жатып, бүгін 13 қаңтар күні Атырауға үйімізге ұшып келдік, – деп көзіне жас ала қуанған Жұлдыз сөзін аяқтады.

Айнұр САПАРОВА

Жұлдыз Әбенованың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған сурет

13 қаңтар 2022, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған