Атырау, 24 желтоқсан 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда ер адам 4-қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды

2 227 рет қаралды

13 қаңтарда түнде 28 жастағы ер адам Баймұханов көшесі 1 мекен-жайындағы үйдің 4-қабатынан секіріп, 2-қабаттың күнқағарына құлаған.

Хабарлама ТЖД-ға сағат 00.58-де түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері келген. Арнайы техниканың көмегімен олар күнқағарға көтеріліп, ер адамды түсірген.

- Құтқарушылар зардап шегушіні арнайы қатты тақтайшаға салып, арқандардың көмегімен абайлап төмен түсіріп, жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне беріп жіберді, - деп хабарлады ТЖД.

«АЖ» денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен ақпарат сұрады. Белгілі болғандай, зардап шегуші – Қызылқоға ауданының тумасы нейрохирургия бөліміне жатқызылған. Оның омыртқасы, қолы мен аяғы сынған. Диагнозы – «Кәрі жілік-білезік буынының жабық жарақаты, бел омыртқасының жабық жарақаты».

- Пациенттің жағдайы тұрақты, қазір дәрігерлер ПТР талдауының нәтижесін күтіп, оны ота жасауға дайындауда, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Айнұр САПАРОВА

ТЖД жолдаған сурет

13 қаңтар 2022, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


Комментарий беру ажыратылған