Атырау, 27 желтоқсан 08:29
 бұлттыВ Атырау -3
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Канадада вакцина алмаған азаматтарға салық салынуы мүмкін

1 463 рет қаралды

Канадада билік вакцинацияланбаған азаматтарға салық салуға ниетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңашылдықтар Квебек провинциясына әсер етеді. «Денсаулық сақтау жарнасы» деп аталатын салықты вакцинациядан бас тартқан адамдар төлеуі керек. Провинция Премьер-Министрінің айтуынша, бұл шаралар «бас тартушылардың» барлық тұрғындар үшін қаржылық ауыртпалық тудыруына байланысты қабылдануда. 

Португалияда елге келген кезде коронавирусқа тестілеудің теріс нәтижесі болмаған 2200-ден астам саяхатшыға билік 1-10 қаңтар аралығында айыппұл салды. Аталған саяхатшыларға коронавирусқа тексерудің бастапқы теріс нәтижесінсіз кіруге рұқсат бергені үшін барлығы 41 авиакомпанияға айыппұл салынды. 

Бірқатар елде коронавирусқа шалдыққандардың тәуліктік өсуі бойынша анирекордтар тіркелді: Францияда — 368 149 жағдай, Италияда — 220 532, Аргентинада — 134 439, Түркияда — 74 266, Болгарияда — 7 062 жағдай.

13 қаңтар 2022, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.