Атырау, 8 қазан 10:38
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырау облысында бір тәулікте 243 адам Covid-19 жұқтырған

1 496 просмотра

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өсті, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 243 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 193 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды, Қызылқоға ауданында - 10, Құрманғазы ауданында  - 10 науқас анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 140 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 103 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 14 адам емделді.

Қазір 341 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 170, аудандық инфекциялық стационарларда - 17, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 176 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

13 қаңтар 2022, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.