Атырау, 8 қазан 10:33
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

«Тінту кезінде атыс қаруы мен бронды кеудешелер тәркіленді»

Бейнежазба
1 791 просмотра

Бүгін, 12 қаңтарда полиция департаментінің баспасөз қызметі Атырауда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 31 жастағы күдіктінің ұсталып, тінту кезінде одан атыс қаруы тәркіленгені туралы ақпаратты таратты.

Сонымен қатар, "әскерилер мен полиция қызметкерлеріне күш қолданып, қорғаныс құралдарын иемденген" бірнеше адамның ұсталғаны хабарланды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 272-бабы ("Жаппай тәртіпсіздіктер") бойынша тергеу жүргізілуде.

"Олардың бірі  - бұрын заңсыз әсері жоғары психотропты дәрілерді сатып алғаны үшін жауапқа тартылған 25 жастағы қала тұрғыны. Оның үйін тінту кезінде 3 дана әскерилердің оқ өткізбейтін бронды кеудешесі тәркіленді", - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. - "Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды".

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған видео

12 қаңтар 2022, 23:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған