Атырау, 8 қазан 10:34
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Түнгі жолаушылар арнайы автобустармен үйлеріне жеткізіледі

1 396 просмотра

Енгізілген коменданттық сағат кезеңінде Атырау қаласына түнгі уақытта келетін адамдарды тасымалдау үшін, теміржол вокзалы мен әуежайдан қаланың ықшамаудандары, оның ішінде қала маңы бойынша 10 жолаушылар автобусы тасымалы ұйымдастырылды.

Бұл туралы бізге облыс әкімі аппараты жанындағы ахуал орталығының «109» қызметінің баспасөз хатшысы Гүлдәурен ТІЛЕГЕНОВА хабарлады.

Қала бойынша нақты маршруттар жолаушылар жиналатын орындарда ұйымдастырылады. Тасымалды бүгіннен бастап жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы ұйымдастырып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қаңтар 2022, 23:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған