Атырау, 8 қазан 10:30
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырау облысында ұсталғандардың саны 500-ге жуықтады

Бейнежазба
1 213 просмотра

Бүгінде Атырау облысы аумағында ТЖ кезіндегі талаптарды бұзған 137 факті тіркелді, оның ішінде алкоголь өнімін сатқан нысандар да бар. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан барлығы 497 тұлға анықталып, ішкі істер органдарына жеткізілген.

- Төтенше жағдайда атқарылатын қызметтің басты мақсаты - тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, осы бағытта қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшылары мен өзге де жауапты мамандардың жұмысына түсіністікпен қарауға,  терроризмге қарсы операциялар кезіндегі шектеулерге сабырлық  танытып, сақтық шараларын сақтауға шақырамын, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.- Арандатушылыққа жол бермей, күдікті фактілерді байқасаңыз міндетті түрде полицияға хабар беруді сұраймын.  Сондай-ақ, жалған ақпараттар таратпауға шақырамын. ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

Қазір арнайы штаб өз жұмысын жалғастыруда. Тұрғындар 109 операторынан бөлек 98-10-04 нөміріне де хабарласып, Төтенше жағдайға қатысты сұрақтарын қоя алады. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 қаңтар 2022, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.