Атырау, 24 желтоқсан 00:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Кәсіпкерлер шығынды есептеп жатыр

1 609 рет қаралды

Бүгінгі күнге дейін Атырауда жақында болған оқиға салдарынан зардап шеккен үш кәсіпкерлік нысан көмекке жүгінді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, шағымдарды Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы қарайды. 

Автокөлік кәсіпорны 285 мың теңгеге зардап шеккені анықталды. Күзет қызмет көрсету мекемесі мен дүкенге келген шығын есептеліп жатыр. 
Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрлан СҮЙІНБАЕВТЫҢ айтуынша, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында облыс әкімінің шешімімен осындай мәселелерді қарау жөніндегі комиссия құрылды.  

Форс-мажорлық жағдайда кәсіпкерлер 8702 665 71 70 нөміріне хабарласып немесе осы номердегі Whatsapp желісі арқылы кеңес алуына болады. Өзге сұрақтар бойынша 8702 500 13 08, 8707 509 30 88 телефон нөмірлеріне хабарласа алады. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 қаңтар 2022, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.