Атырау, 8 қазан 10:39
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырау облысындағы әкімдіктерде бір жылда 178 адам қысқартылды

1 862 просмотра

Былтыр облыс, қала және аудан әкімдігінің 178 қызметкері қысқартуға ұшырады. Олардың 75-і облыс әкімдігінің, 38-і Атырау қаласы әкімдігінің, 13-і Жылыой ауданы әкімдігінің, 12-і Құрманғазы, 9-ы Қызылқоға, 7-і Махамбет ауданы әкімдігінің қызметкерлері және 8 қызметкерден Индер, Исатай, Мақат аудандары әкімдіктерінен қысқартылған. 

Облыс әкімі аппаратының басшысы Болат ИСАҚОВТЫҢ «АЖ» ресми сауалхатына берген мәліметінше, қысқартылған қызметкердің 30-ы басшы лауазымдағылар, қалғаны қатардағы қызметкер. Бұл шара ҚР Президентінің 2021 жылғы 28 шілдедегі №633 Жарлығына сәйкес атқарылуда.  

- Қысқарту 85 тұрақты бос орынның есебінен және 93 жұмыс жасап жүрген мемлекеттік қызметшілердің есебінен жүргізілді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың штат саны 1447-ді құрап отыр. Қысқарту биыл да жалғасады. - деп хабарлады Исақов.

Айнұр САПАРОВА

13 қаңтар 2022, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.