Атырау, 8 қазан 10:33
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Есірткі интернет арқылы таралуда, полиция күресіп жатыр

1 272 просмотра

Атырау облысында былтыр есірткіні жарнамалайтын 17 сайт анықталып, бұғатталған. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты үйлестіру бойынша өңірлік ведомствоаралық штаб отырысында полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат ОРАЗБАЕВ мәлімдеді.

Н.Оразбаевтың айтуынша, 2021 жылы облыста есірткіге қатысты 127 қылмыс тіркеліп, 20 келіге жуық тыйым салынған заттар мен препараттар заңсыз айналымнан алынды, синтетикалық есірткі саудасымен айналысатын 27 тұлға анықталды, тыйым салынған 7 өсімдік егістігі жойылды. Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 28 есірткі қылмысы ашылды. Бүгінде облыстық наркология диспансерінде 509 адам есепте тұр, оның 22-сі әйелдер және 1-еуі кәмелетке толмаған. Ол қазір басты мәселе интернет арқылы жасалатын қылмыстар екенін атап өтті. Бүгінде 17 сайт бұғатталған.

Нұрхат ОРАЗБАЕВ

– Аналитикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста есірткіге қатысты қылмыстардың өскені байқалады. Есірткі және психотроптық заттардың түрлері көбейіп келеді. Бүгінде олардың саны 350-ден асты. Тұтынушы контингентінің басым бөлігін жастар құрайды, – деп атап өтті М.Досмұхамбетов.

Ол мемлекеттік органдарға нашақорлық пен жалпы құқық бұзушылықтың алдын алуға қажетті құралды алдын ала жоспарлауды: екі күн ішінде Денсаулық сақтау министрлігімен синтетикалық және есірткінің басқа да жаңа түрлерін анықтау үшін жедел-зерттеу құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды; Психикалық денсаулық орталығы жүргізетін нашақорлық бойынша есептің үнемі жаңартылып отыруын қамтамасыз ету және наркологиялық есепте тұрған тұлғаларды бақылауға, емдеуге және оңалтуға ерекше назар аударуды тапсырды. Ол қауіпсіздік қызметімен және түнгі клубтардың, сонымен қатар есірткі таратуы мүмкін басқа да демалыс орындарының күзет қызметімен бірлескен жұмысты нашақорлықпен күресу шараларын күшейту тармақтарының бірі ретінде атады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қаңтар 2022, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған