Атырау, 8 қазан 10:36
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Таңғы сағат жетіні күтуге тура келеді

1 675 просмотра

Атырауға коменданттық сағат кезінде келетін туыстарын теміржол немесе әуе рейстерінен күтіп алуға бола ма? Бұл сұрақ бүгінде азаматтардың көпшілігін мазалап жүр. Біз оны «109» байланыс орталығына жолдаған едік.

– Қазақстанда 5 қаңтардан бастап төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты Атырау облысында коменданттық сағат енгізілді. Дегенмен, түнгі рейстермен кішкентай балаларымен бірге отбасылардың келетінін ескердік. Қолдарында туыстарының билетінің немесе отырғызу талонының скриншоттары бар, сондай-ақ жеке куәліктері бар жақын туыстарын күтіп алуға бара жатқан жүргізушілерге өтуге рұқсат бердік. Алайда бүгіннен бастап қатаң нұсқау берілді: Атырауға түнде келетін жолаушылар вокзалда немесе әуежайда коменданттық сағаттың аяқталуын күтуі тиіс, - дейді облыс әкімі жанындағы Ахуал орталығының 109 қызметінің баспасөз хатшысы Гүлдәурен ТІЛЕГЕНОВА.

Коменданттық сағат кезінде таксилер мен жеке көліктерге қалада жүруге тыйым салынады. Бұл уақытта тек арнайы көліктер мен коммуналдық қызметтің апат бригадаларының көліктері ғана жүруге құқылы.

Айта кетейік, Атырау облысы әкімі аппаратының 109 байланыс орталығы елімізде төтенше жағдай жарияланғалы облыс тұрғындарын мазалап жүрген сұрақтарға жауап беруде. Қауырт желіге шектеулер, ережелер, коменданттық сағат кезінде посттарды кесіп өту шарттарына қатысты көптеген қоңырау түсті. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар нысандардың, мемлекеттік органдардың және коммуналдық қызметтердің жұмысының регламенті, әуе және теміржол бағыттарының қозғалыс кестесі, азық-түлік, жанар-жағар май бағасы, интернет желісіне қосылу туралы да сұрақтар қойылды.

«109» байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, қазір мұнда 32 оператор қызмет көрсетеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 қаңтар 2022, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған