Атырау, 8 қазан 15:40
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 9000 тонна қоры бар

1 601 просмотра


Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары бір қалыпты, деп хабарлайды Aтырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат мәлімдеді. 

- Айналым схемасы арқылы алынған азық-түлік өнімдері  "Идеал" және "Лидер" әмбебап меркеттерінің 36 желісінде, көкөніс өнімдері "Дина", "Насиха", "Көктем",  "Сарайшық" сауда орындарында сатылуда, - деді Амангелді Саламат.

Оның айтуынша, аймақта азық-түлік өнімдерінің 9000 тонна қоры бар.

 Бұған қоса өңірімізге әлеуметтік нан және бірінші сұрыпты ұн бағаларын тұрақты ұстау мақсатында үш жақты мемарандум жасақталып, 13 мың тонна бидай тасымалдау жоспарланыпты. 
Аталған меморандум негізінде әлеуметтік нан бағасы 90, ал бірінші сұрыпты ұн 145 теңгеден сатылады. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында– 579,6 тонна картоп, 325,8 тонна сәбіз, 339 тонна пияз, 200 тонна орамжапырақ бар.

11 қаңтар 2022, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған