Атырау, 24 желтоқсан 00:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Атырау облысында бір тәулікте 97 адам Covid-19 жұқтырған

1 641 рет қаралды

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының өсуі байқалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 97 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 80 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында - 6 науқас анықталды. Индер ауданында - 5, Құрманғазы ауданында 6 науқас анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 52 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 45 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 7 адам емделді.

Қазір 128 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 124, аудандық инфекциялық стационарларда - 14. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 93 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.

11 қаңтар 2022, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.