Атырау, 8 қазан 15:34
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

«Теңіздегі нысандарды күзетуге тек қазақстандық әскерилер тартылған»

1 303 просмотра

"AЖ"-ға белгілі болғандай, Теңізде Келешек кеңею жобасы (ККЖ) қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға арттыру жоспарлануда. Бұдан басқа, Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кен орнындағы өндірістік нысандарды күзетуге қазақстандық әскери қызметшілер жұмылдырылған.

Теңіздегі наразылық аяқталды, ТШО мен қосалқы мердігер компаниялар «әдеттегідей жұмыс істеп жатыр».

– Ол жердегі өндіріс орындарын Қазақстан қарулы күштерінің әскери қызметшілері, облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, «Теңізшевройл» компаниясының күзет қызметінің өкілдерімен бірге күзетуде. Олардың арасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) әскери қызметшілері жоқ, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фархат АБИЛОВ

11 қаңтар 2022, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған