Атырау, 8 қазан 15:40
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атыраудың бүгінгі көрінісі

Сурет
1 492 просмотра

Атырау біртіндеп қалыпты өмірге қайта оралуда. Дүкендер мен кафелер ашылып, банктер мен жанар-жағармай құю станциялары жұмыс істеп жатыр. «AЖ» тілшісі  митингтерден кейінгі қаланың келбетін шолып шықты.


Қазіргі уақытта Атырауда қоғамдық көліктер, сауда орындары, банкоматтар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жайық жағалауымен жүрсең серуендеген бейбіт тұрғындар мен мұз үстінде отырған әуесқой балықшыларды көресің.

Бұған дейін ереуілшілер жиналған Атырау қаласындағы орталық «Исатай -Махамбет» алаңы қазір бос. Алаңда қалған микрофон орнатқыш штатив пен дауыс ұлғайтқыш аппараттар ғана өткенді еске салады. Тұрғындар бұрынғыша алаң арқылы қатынап жатыр.

 

Ал шабуылға тап болған облыстық әкімдік ғимаратының есік, терезелері әлі жөнделмеген. Дегенмен тұрғындар кіріп-шығып әкімдік қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда.

 

Қалалық полиция бөлімінің алдымен бөтен көліктердің жүруіне кедергі жасалып, Молдағұлова – Сәтпаев, Молдағұлова - Құлманов көшелерінің қиылысына турникет қойылған.  

Ал, қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істеуде.

 

Қаладағы газ құю бекеттерінде ешқандай кезек жоқ. Газ 50 теңгеден сатылуда. 

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қозғалысы кедергіге тап болған сала - темір жол қатынасы болатын. Қазіргі уақытта Атырауда жолаушылар пойызы қозғалысы қалпына келтірілді. Вокзал аумағы қаруланған құқық қорғау қызметкерлерінің бақылауына алынған. Ғимаратқа жолаушылардың жол жүктері арнайы тексеріліп кіргізуде. Кассада кезекке тұрғандар саны айтарлықтай көп емес.

 

Ал, Атырау халықаралық әуежайы күшейтілген қауіпсіздік режимінде жұмыс істеп тұр. Әуежайға келген көліктер бұрынғыдай есік алдына дейін жақындай алмайды. Бетондар орнатылып алыстан кедергі қойылған. Әуежайға кірер есікте барлық азаматтар ұшаққа мінгенгендей тексерістен өтіп кіргізілуде. Ол жерде тынышты күзетіп тұрғандар 4-5 қаңтар күні орталық алаңда болдыңыз ба деп те сұрайды.

 

Облыс орталығына кіретін-шығатын жолдарда 4 блок бекет және 9 мобильдік пост жұмыс істеп тұр. Блок бекеттерде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарымен бірге жеке заттары, транспорттық көліктері тексерілуде.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

11 қаңтар 2022, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған