Атырау, 8 қазан 15:37
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Бүгінде Атырау облысында 275 адам ұсталды

1 418 просмотра

Бүгін, 10 қаңтарда «АЖ» полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, аймақтағы жағдайға қатысты соңғы ақпаратты білді. Естеріңізге сала кетсек, қазір Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізіліп, полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ комендант болып тағайындалды. Полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазір облыс әкімдігі ғимараты қасындағы оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр. Қандай бап бойынша және қандай тұлғаларға қатысты істер қозғалғаны әзірге нақтыланған жоқ. Соңғы тәуліктерде 49 полиция қызметкері мен 27 сарбаз әртүрлі жарақат алды. Бүгінге дейін рұқсат етілмеген митингіге қатысқан 275 адам ұсталды.

«АЖ» мәліметінше, олардың көпшілігі ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы («Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Біреулеріне айыппұл салынса, басқалары әкімшілік қамауға алынған. Сонымен қатар, «АЖ» хабарлағандай, қазір облыс әкімдігі ғимараты маңындағы, Исатай мен Махамбет алаңы мен басқа да жерлердегі бейнебақылау камералары тексерілуде.

Айнұр САПАРОВА

10 қаңтар 2022, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған