Атырау, 8 қазан 15:34
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Полицейлерге еріктілер көмекке келді

1 311 просмотра

Атырау облысының комендатурасының ақпаратына сәйкес, Төтенше жағдай жарияланғалы төтенше жағдай талаптарын бұзған 73 факті тіркелді. Заңсыз акцияға қатысқан 275 адам ұсталды. 

Полиция департаментінің 49 қызметкері мен 27 сарбаз түрлі дене жарақатын алған. Кейбір полицейлер алған жарақатына қарамастан өз қызметтерін жалғастыра бергені белгілі болды. Бүгін облыс орталығындағы білім беру ұйымдарының дене шынықтыру және әскери дайындық пәндерінің мұғалімдерінен құралған 62 адам полицияға көмекке келді. Сондай-ақ, 100-ге жуық еріктілер мен белсенді жастар және ардагерлер полициямен бірге тәртіп орнатуға өз үлесін қосу үшін өтініш білдіруде.

- Атырау облысы бойынша төтенше жағдай кезіндегі ахуал толықтай құқық қорғау органдарының бақылауына алынды. Атырау қаласына кіре беріс барлық тасжолдарда блок-бекеттер жұмысын жүргізуде, қалаға кіріп-шығатын барлық көліктің жолаушылары мен жүксалғыштары толық тексеріліп жатыр. Облыста коменданттық сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін сақталып, осы уақыт аралығында облыс орталығына кіруге тыйым салынғанын ескертемін. Қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету үшін полицияның жеке құрамы 100 пайыз күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Тұрғындардан қандайда бір ұйымдасқан топтардың заңсыз іс-әрекетін байқасаңыз, міндетті түрде 102 операторына хабарлауын сұраймыз. 

Сонымен қатар, сіздерден үйден шықпауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, төтенше жағдай мен коменданттық сағат режимінің барлық талаптарын орындау қажет екенін жеткіземіз, - деді Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиев.

10 қаңтар 2022, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған