Атырау, 8 қазан 15:39
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

1 596 просмотра

Төтенше жағдай кезінде елімізде бұқаралық спорт, оқу-жаттығу жиындары, оқу-жаттығулар, мәдени-көпшілік шаралар мен шығармашылық үйірмелер жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, белгілі бір іс-шараларға билеттерді қайтару немесе ауыстыру рәсімі елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін өтетін жер бойынша жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта жекелеген өңірлердегі белсенді қысқы демалыс орындарын қоспағанда, туризм және қызмет көрсету саласындағы барлық объектілер, соның ішінде орналастыру орындары, туристік базалар, санаториялық-курорттық объектілер, демалыс аймақтары қалыпты жұмысын жалғастыруда.

Бұл ретте бұрын төленген демалыстың (жолдамалар, турлар) қаржысын қайтару немесе неғұрлым қолайлы кезеңге шегеру елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі уақытта 7636 қазақстандық турист шетелдік демалыс орындарында. Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты шетелден келетін туристерді қайтару алгоритмі пысықталып жатыр.

Туристердің Қазақстанға оралуына қатысты барлық сұрақтар бойынша +7 701 534 05 80 телефон нөміріне хабарласуға болады (Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – «Туристик камкор» ҚФ «).

10 қаңтар 2022, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.