Атырау, 8 қазан 15:38
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Мақатта наразылар темір жолды жауып тастады

Толықтырылды Бейнежазба
1 193 просмотра

Ол жерде Қазақстанның әр тарапына жүретін пойыздар өтетін тораптық теміржол вокзалы бар. Акция 4 қаңтарда басталды, қазір теміржол бойындағы наразылық білдірушілер саны жүзден асты.

- Біз жаңаөзендіктерді қолдаймыз және бағаның өсуіне қарсымыз. Митингіміз бейбіт, тәртіпсіздіктер орын алып жатқан жоқ, бірақ біз соңына дейін тұрамыз,- дейді наразылар.

Ал, пойыз жолаушылары қиын жағдайға тап болды. «Атырау – Алматы», «Атырау – Маңғышлақ», «Атырау – Ақтөбе» және т.б. пойыздар Мақат стансасына кері қайтып жатыр деген ақпарат бар.

- 4 қаңтарда, сағат 16-00ден бастап наразылық танытушылар поездың жолын жауып тастады. Соның салдарынан жергілікті уақыт бойынша сағат 19.30-да өтетін «Атырау-Ақтөбе» пойызы орта жолдан кері қайтарылған. Ал басқалай поездар станция басына келген жоқ, - деді Мақат теміржол стансасының бастығы Мереке БАТАНОВ. – Бүгін біз арқылы «Ақтөбе-Маңғышлақ» поезы келу керек еді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 қаңтар 2022, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.