Атырау, 8 қазан 15:38
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Аудандардағы митингілер: 5 қаңтар күні таңертең

Бейнежазба
1 315 просмотра

Таң атып келеді. Айнала қар жамылған, аяз. Атырау облысының үш ауданында митинг жалғасуда, адамдар кешегідей көп емес.

ҚҰЛСАРЫ

Орталық Махамбет даңғылы бойына аудандық әкімдік ғимараты алдына үш палатка тігілген. Адамдар түнімен ұйқтамай, тараған жоқ. Жылқы сойылып, қазан асылған. Адамдар жылыну үшін мезгіл-мезгіл шай қайнатылуда. Әкімшілік микрофонмен қамтамасыз етіпті.  

- Ішімдік ішкен бірен-саран адамдар болып еді, оларды үйлеріне қудық. Ешқандай өрескел қылық жасалмауын қадағалап отырмыз. Түн тыныш өтті. Полиция кеше күндіз кеткен. Үкімет біздің талабымызды орындамаса, осылайша жалғасатын болады, - дейді шеруге шығушылар. 

ИНДЕР

Кентке кіре берістегі көпір жабық. Көліктер екі жағында иіріліп тұр. Дәл көпірдің алдына тігілген киіз үйдің ішінде шеруге шыққандар таңғы астарын ішуде.

- Біз өз талабымыз орындалмайынша бұл жерден кетпейміз. Бейбіт шеру жалғасуда. Ешқандай тәртіпсіздік орын алған жоқ, - дейді белсенділер.  Жергілікті билік дүкендерге ішімдік сатпау жөнінде тапсырма берген. Полиция сырттай бақылауға көшкен.

ДОССОР 

Мақат ауданының Доссор кентінде үш айрық жол әлі жабық. Көліктер жол жиектерінде тұр. Белсенділер тек "жедел жәрдем" көлігін кідіріссіз жіберуде. Бұл жерде де киіз үй тігіліп, ыстық шай беріліп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 қаңтар 2022, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.