Атырау, 25 сәуір 18:44
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Термомодернизацияға қатысты мәселелер

Сурет Бейнежазба
985 просмотра

30 желтоқсанда Сәтпаев даңғылы, №25 мекенжайындағы көпқабатты үйдің бір топ тұрғыны Нұрсая ықшамауданындағы «Қаланың тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» (ҚТҮКҚК) ЖШС кеңсесіне жиналды. Олардың айтуынша, осыған байланысты 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істеу үшін ақаулы өнім тізімдемесі қате жасалғандықтан қосымша жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Ал бұл тұрғындардың өз қалтаcынан төлеуі тиіс қосымша қаражатты талап етеді, бұған олар келіспейді.

Өйткені, сметада үйдің жертөлесіндегі ыстық және суық су желілерін жөндеу, үйден «Атырау облысы су арнасы» құдықтарына дейінгі кәріз желілерін ауыстыру, үй төбесіндегі шөгінді суларды бұру жүйесін орнату жұмыстары қарастырылмаған. Бұл бағдарламаның операторы – ҚТҮКҚК, ал мердігер – «ГСК РИМ» ЖШС. Осы бағдарлама аясында үйді күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары 85 млн теңгеге шықты.

Жұмыс биыл шілде айында басталып, қазір аяқталуда. Мердігер мекеме директоры Дмитрий ФИЛИППОВТЫҢ айтуынша, барлық қаржы игерілді, сметалық құжаттама бойынша жұмыстар аяқталды. Бірақ ол жұмысты тапсыра алмайды, себебі тұрғындар қабылдау актісіне қол қоймай, қосымша қаражатсыз қосымша жөндеу жұмыстарын жасауды талап етеді. Ал қосымша жөндеу жұмыстарына тағы 8,5 миллион теңге қажет.

– Осы бағдарлама бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған ақаулы өнім тізімдемесінде үйдің жалпы жылу, кәріз және су құбырларының жұмысы, жертөлелерден қоқыс шығару жұмыстары қамтылмаған. Ал жертөлелерде орналасқан жалпы үй жүйелері апатты күйде болды, жертөленің өзі қоқыспен, ескі заттармен толған, іші лас, жаман иіс шығады. Біздің сол кездегі «Бірлік» ПИК-і осы ақаулы өнім тізімдемесін қалай жасап, оны қалай мақұлдатқаны таң қалдырады, – дейді тұрғындар. - Жұмысты бастамас бұрын біз ПИК-ті ауыстыруды және маңыздылығы азырақ, бірақ жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылған жұмыстардың орнына жертөледегі жұмыстарды енгізуді талап еттік. Алайда бағдарлама бойынша бөлінген ақша жұмыс көлемін ауыстыру хаттамасын есептегенде де жылу жүйесін күрделі жөндеуге және жертөледегі қоқыстарды шығаруға ғана жетті. Сондай-ақ бағдарлама бойынша бөлінген қаржыға ішінара үйішілік кәріз желілері жөнделіп, жертөлелердегі сумен жабдықтау жүйесі тексерілді. Дегенмен, сумен жабдықтау жүйесі бұрынғыша апатты жағдайда қалып отыр.

Олардың айтуынша, «ҚТҮКҚК» ЖШС лауазымды тұлғаларының табанды ұсыныстары бойынша жұмыс құрамынан үйдің жаңа төбесінен шөгінді суды ағызу жүйесі шығарылған. Ал Филипповтың айтуынша, ЖШС лауазымды тұлғаларының ұсынымдары мұндай жүйелерді пайдалану тәжірибесіне және су бұру жүйесінің жұмысы өте үлкен қиындықтарға толы, ал оның болмауы айтарлықтай қиындық тудырмайды деген сенімге негізделген.

– Алайда ҚТҮКҚК-да олар үй құрылысындағы ерекшеліктерді ескермей, су бұру жүйесінің жоқтығынан туындаған мәселелердің маңыздылығын жете бағаламады. Тіпті аз уақыт пайдаланылғаннан кейін шөгінді суларды бұру жүйесі өте қажет екені белгілі болды. Оның болмауы шөгінділердің едәуір бөлігінің үйдің цокольді қабатына және бетонды төсеніш алаңына, сондай-ақ бірқатар пәтердің терезелеріне жиналып қалуына әкеледі. Бұл қабырғалардың ылғалдануына және нәтижесінде үйдің тірек құрылымдарының бұзылуына әкеледі. Бұдан басқа, шөгінді су қатқан кезде үйдің периметрі бойынша мұз жолағы пайда болып, тұрғындар мен өтіп бара жатқан адамдардың жарақат алу қаупін тудырады, - дейді Филиппов.

Үй тұрғыны Екатерина ДЕМИШЕВА:

- Қазір бізде басқа «Премьер-Сити» ПИК-і жұмыс жасайды. Ал «Премьер-сити», неліктен екені белгісіз, жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға қатыспады. Бізге олар қызмет көрсетпей ме? ПИК-тегілер бізге ҚТҮКҚК-де оларға кедергі жасамаңдар дегенін, бізге мердігердің қызмет көрсететінін айтты. Неліктен бұлай екені белгісіз. Біз мүшкіл күйдегі жертөлені жөндеуді ұйғарып, подъезді жөндеуден бас тарттық. Бір подъезді жөндеу 1 млн теңге тұрады. Бізде 12 подъезд бар, ал бұл 12 млн теңге. Ыстық-суық сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге ақша жетпей, шөгінді суларды ағызу жүйесін алып тастаңдар деді.

Жиналыс барысында «ҚТҮКҚК» ЖШС директорының м.а. Бауыржан ТОҚЫМБАЕВТАН не шешілгенін сұрадым. Бірақ ол тұрғындардың қосымша жөндеу жұмыстарына қосымша ақы төлеуге тура келетінін айтты.

Айтпақшы, олар смета мен ақша шығынын тексеруді талап етіп, қалалық әкімдікке арыз жазған.

Кейін Демишева маған ҚТҮКҚК-дан қоңырау шалғанын айтты: олар қаражат тауып, бұру жүйесін жасаймыз, егер ақша жетсе, ыстық және суық сумен жабдықтау құбырларын, кәріз жүйесін ауыстырамыз деген. Содан соң бұл жағдайды БАҚ арқылы жариялауды өтінді. Бірақ айып етпеңіздер...

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

3 қаңтар 2022, 20:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.